সর্বশেষ ভিডিও

QYZYLORDA TV
2 দিন আগে

Елімізде есірткі өндіретіндер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ел Парламенті мәжілісінде есірткіге қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған құжат бірінші оқылымда қаралды. Осы заң жобасы аясында есірткі бизнесіне қарсы күрестің бірнеше тетігіне түзету енгізілмекші. Елімізде есірткі қолданатын 18 мыңнан астам адам бақылауда тұр. Бірақ, есепке ілінбегендердің саны 200 мыңға жуық. Депуттаттар осылай деп отыр. Есірткі бизнесіне қарсы күрес күрделі әрі күрмеулі іске айналды. Өйткені, құрамы бір болғанымен атауы мың құбылған зиянды зат көбейіп барады. Өкініштісі, есірткі таратушылар түрлі айлаға салып, жас буынның тағдырын талқандап жатыр. ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ /Мынандай кюар кодтар басқа емес, тура оқушылар сарайының ішінде, сол кюар код арқылы өтіп ары қарай сауданы қалай жүргізу керек тәсілдері жазылған. Сондықтан, ІІМ ғана емес, ақапарат министрі де күрес шараларын жан-жақты біріктіріп қарастыру керек/ Қазір синтетикалық есірткіні әр жерге жасырып жүрген курьерлер ұсталып жатыр. Олардың арасында жастар көп. Дені білместікпен, жастық албырттықпен қылмыс істеген. Көпшілік соларға жазаны жұмсарту керектігін сұрап жатыр, - деді депутат Данабек Исабек. Ал, заң не дейді? АЙДОС РЫСБАЕВ - ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ///Тергеуге көмегін көрсетіп, мән жайды айтса прокурормен процесуалды келісімке келуге болады. Ең азы 10 жыл ғой, содан төмен жаза қолдануға мүмкіндіктері бар/ Есірткі жасыратындарға қатысты бұрынғы жауапкершілік сақталады, ал зертхана құрғандарға жаза күшейтілмек. Таныстырылған заң жобасында оларға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды. Сондай-ақ, препараттардың саудасына қатысты заң күшейтілмек. СНЕЖАННА ИМАШЕВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ /Прикусорлардың заңсмыз айналымына тосқауыл қою. Бұл заңсыз айналым қылмыстық кодексе жататын болады. Екінші күшті әсер ететін дәрілер. Олармен нашақорлар жиі пайдаланады. Бірақ, біздің аптеклар рецепсіз бұларды сатуда/ Заң жобасы алғашқы оқылымда қызу талқыланып, депутаттар бірқатар ұсыныстарын білдірді. Оның барлығы талқылау барысында таразыланбақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 দিন আগে

2027 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық ауылы сапалы интернетке қосылады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысы кезінде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек хабарлады. Жиында байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері қамтылған заң жобасы қаралды. Негізгі 6 өзгеріс қарастырылып отыр. Әуелгісі инфрақұрылымды дамыту, бәсекелестікті және инвестициялық тартымдылықты арттыру. Ал бәсекелестікті дамыту арқылы байланыстың сапасын жақсартып, құнын арзандату көзделіп отыр. Заң жобасы мемлекет басшысының елімізді ІТ хабқа айналдыру туралы тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған. Құжат бірінші және екінші оқылымда қаралап, қабылданды. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ /Бұл заң байланыс нарығын сондай-ақ цифрландыруды дамыту және ақпараттандыру саласына инфестиция тарту мәселелерін қамтиды. Бірқатар түзетулер ғарыштық мониторинг деректерін пайдалану аясын кеңейтуге арналған. Сонымен қатар алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын болғызбайға бағытталған нақты шаралар қарастырылған/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 দিন আগে

Қалаға қарасты ауылдық округтерде егіс алқабының көлемі 9 мыңға гектарға жуықтайды. Биыл күріш көлемі жылдағыдан 500 гектарға төмен егіледі.Бұл туралы Ыбырай Жақаев ғылыми-зерттеу институтының егіс алқабында өткен жиында айтылды. Сондай-ақ, шаруалардың егін егу науқанына дайындығы пысықталды. Қарауылтөбе ауылдық округінде орналасқан Ыбырай Жақаев ғылыми-зерттеу институтының егіс алқабында жұмыс ерте басталыпты. Биылғы жылы осы институтқа тиесілі 600 гектарға Сыр салысын себу жоспарланса, оның 200 гектарына тұқым себіліп, суға бастырылып қойған. Ғалымдар биыл Сыр Сұлуы, Янтарь, Айсара сорттарына басымдық бергенін айтады. Соның ішінде «Айсара» сортына шаруалардан сұраныс көбейген. ЖӘНІБЕК ҚАРИЕВ – Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ АГРОНОМЫ // // Айсара сорты биыл жақында шыққан. Биыл нарыққа шығарамыз деп отырмыз. Одан 20 гектар егіп тұрмыз қазір. Местный болған соң төзімділігі мықты. Суыққа да таяз суға да төзімді. Шығымдылығы жақсы. Сұраныс жоғары, өте жоғары. Ірі-ірі шаруашылықтар уже неғып жатыр. Ал, қалаға қарасты ауылдық окургтердегі егіс алқаптарында биыл 8 677 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Соның ішінде күріш 3 614 гектарға себіледі. Ауылшаруалығы саласындағы жұмыстармен танысқан қала әкімі Серік Қожаниязов ауыл тұрғындарымен бірге дән себу рәсіміне қатысты. Биыл шаруалар суды аз қажет ететін дақыл түрлеріне басымдық беріп отыр. Мәселен, 2821 гектарға көкөніс, картоп, бақша дақылдары, 2113 гектарға мал азығы, 129 гектарға түрлі дәнді дақылдар егіледі. Ол үшін техника сақадай сай, дизель отыны да жеткілікті дейді салаға жауаптылар. ПАКУАТДИН ШАМҰРАТОВ – ҚАЛАЛЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ // Қызылорда қаласы бойынша 27 шаруақожалық бар. Соның төртеуі ірі шаруашылық, қалғаны майда шаруақожалықтар. Барлық шаруақожалықтар егіс алқаптары толық тегістеп, ақегіс дайын. Сонымен қатар, дизель отынына байланысты тиісті мердігерлермен келісім шартқа отырылған. Ешқандай тапшылық жоқ. Шаруалар дақыл өнімдерін қоймаға сақтап, Дән себу жұмыстары толық басталып кетті. Қазіргі таңда шаруалар тіршілік нәрінен тапшылық көріп отырған жоқ. Су ротация тәртібімен кезекпен беріліп жатыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 দিন আগে

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бастамасымен емханада «Қызмет алушылар күні» өтті. Мемлекеттік қызмет істері департаментіне денсаулық сақтау саласына қатысты сан түрлі сұрақтар жиі түседі. «Қызмет алушылар» күнінде мамандар көпшілікті толғандырған мәселелерді тыңдап, жауап беруге тырысты. ЕРЛЕГЕН МЕНДАЛИЕВ – ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ «Бүгінгі шараға медицина саласының бірнеше мемлекеттік органдарының өкілдерін шақырдық. Жалпы бұл жобаның негізгі мақсаты қызмет алушыларды ақпараттандыру. Мысалы, медицина саласында қандай қызметтер көрсетіледі, қандай құжаттар керек, қандай қызметтерді электронды форматта алуға болады. Сол жағынан барлық ақпарат кеңестерді беріп жатырмыз». Райкүл Оспанова 3-ші қалалық емханаға тіркелген. 67 жастағы қала тұрғыны өзін мазалаған сауалдарына жауабын алды. РАЙКҮЛ ОСПАНОВА - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Бүгінгі келген себебім узиға түсу керек болды. Соған түстім жақсы. Енді 1 аптадан кейінге тіркеліп алдым, қайтадан келіп көрінемін. Қыздарға, дәргерлерге рақмет!» БАҚЫТБЕК БЕКБАСАРОВ - ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ «Қазір халыққа дәрі-дәрмек жетіспейді да.тұрғындар өһздернің ойларын жеткізіп жатыр қызметкерлерге. Біз енді келешекте барлығы жақсы болады деп сенеміз. Халықтың атынан рақметімді айтамын. Келешекте осындай іс-шаралар көбірек болса екен. №3 қалалық емханада мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі екен. Дәрігерлердің айтуынша олардың барлығы цифрланған. Яғни, кез келген қабылдауға «Дамумед» қосымшасы арқылы алдын ала тіркеліп қоюға болады. Дегенмен, әлі де түсіндірме жұмыстары керек дейді мамандар. АЙГЕРІМ ӘБДРАМАНОВА - №3 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «медициналық міндетті қарап-тексеруден өткізу, медициналық ұйымға тіркелу, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру сынды 14 түрлі қызмет атқарылады. Қазіргі таңда бізде жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы дәрігерге қаблдауға дамумед арқылы жазылып келсе болады. Өте ыңғайлы қазіргі кезде жазылу. Үйде отырып, кезек күтпей келсе болады. Қазір енді тұрғындармен жұмыс жасап жытрмыз, дамумед қосымшасын түсіндіріп». Жалпы «Қызмет алушылар күнінде» мамандар мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі оңай алудың жолдарын түсіндірді. Іс-шараның кезекті түсіндірме жұмыстары жер қатынастары және ауыл шаруашылығы саласында өткізіледі деп жоспарланып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
2 দিন আগে

Белгілі журналист, сатирик Нұрлан Көбегенұлы 50 жасқа толды. Журналистика саласында жүргеніне 30 жылға жуықтаған қаламгердің мерейтойы қалалық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде аталып өтті. Журналист, әдебиетші, ғалым, сатирик. Нұрлан Көбегенұлы салаға кездейсоқ келген жан емес. Зейнолла туған топырақтан түлеп, жазу өнеріне жаңаша екпінімен келген қаламгер журналистикада өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған. Бірнеше басылымда бөлiм меңгерушiсі, бас редактордың орынбасары, бас редакторы қызметтерін атқарды. 2009 жылы әдеби-мәдени, тарихи-танымдық республикалық «Әлімсақ» журналын жарыққа шығарса, 2011 жылдан бастап қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік «Ұстаз мәртебесі» газетінің бас редакторы. Жиында сөз алғандар шығармашылық иесінің сан қырын саралады. Мазмұнды шарада «Әлімсақ» журналының 15 жылдығына орай жаңа жинақ оқырманға жол тартты. Кітапта өткеннің тереңінен тамыр тартып, ұрпақ санасына рухани байлық сіңіруді мұрат еткен мақалалар топтастырылған. Қоғамдағы қисынсыз әрекетті әдемі әзіл, қуақы қалжыңмен сын садағына ілген сатириктің туындыларын жастар театрының әртістері орындап, көптің езуіне күлкі үйірді. Шығармашылық кеште Нұрлан Көбегенұлының сөзіне жазылған әндер әуелете шырқалды. Мерейлі кеште Нұрлан Көбегенұлына облыс және қала әкімдерінің құттықтауы табысталып, сый-құрмет көрсетілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 দিন আগে

Охрана труда и спорные вопросы работников будут на особом контроле специалистов. Это предусмотрено новым трехсторонним соглашением между областным акиматом, объединением работодателей и центром профсоюза. На совещании под председательством первого заместителя акима области Данияра Жаналинова были обсуждены механизмы регулирования трудовых отношений. Основные требования к работодателям - обеспечение безопасности труда на производстве, своевременная выплата работникам зарплаты. Отметим, в регионе с 2022 года средняя заработная плата выросла на 20 процентов. Коллективный договор направлен на защиту социально-трудовых, экономических прав и законных интересов работников. На сегодня коллективные договоры имеют 6 тысяч предприятий и организаций региона. Это лишь 68 процентов всех действующих субъектов. Новое трехстороннее соглашение будет контролировать соблюдение прав работников в течение трех лет. Габит Жанабаев – руководитель областного управления координации занятости и социальных программ /Этот документ был разработан совместно с центром профсоюза и национальной конфедерацией работодателей. Следовательно, здесь учтены интересы всех сторон./ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 দিন আগে

Өңірімізге еліне сыйлы, қоғамда ойып тұрып орын алатын тұлғалардың келгенін естісек, таспаға жазып алуға тырысамыз. белгілі журналист Оралхан Дәуіт сондай қонақтардың бірі. Бірнеше бағдарламамыздың спикері болып кетті. Мұхтар Ниязовтың "Қызық ордасында" қызықты әңгімелер мен хикаяларды тараздық азамат айтып берді. Толық нұсқасын көріп шығыңыздар. #қызықорда #дегенекен #әңгіме #қалжың #әзіл #ақын #айтыс #мұхтарниязов #оралхандәуіт #журналист #ақсамаурын #qyzylordatv Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 দিন আগে

Пригородные хозяйства в этом году возделают в целом около 9 тысяч гектаров. На традиционном перед началом посевной совещании аграриев, которое в этом году состоялось на полях НИИ рисоводства имени Ибрая Жакаева, совместно с акимом города обсуждена готовность к страде. Ученые НИИ в этом году отвели под рис 600 гектаров. Приоритет отдан сортам Сыр сулуы, Янтарь, Айсара. На совещании был отмечен спрос хозяйств на последний сорт риса. Жанибек Кариев – агроном КазНИИ ривосодства /Сорт Айсара запущен недавно. В этом году планируем выпустить его на рынок. Посадили 20 гектаров этого сорта. Местный сорт, он очень устойчив к климату, маловодью. Урожайность хорошая. Спрос на него растет. Крупные хозяйства, можно сказать, уже дают предзаказ/ В этом году пригородными хозяйствами рисом будет засеяно 3 614 гектаров. Это на 500 гектаров меньше, чем в прошлом году. На фоне продолжающегося маловодья фермеры отдают приоритет невлагоемким культурам. Больше сеют овощей, картофеля, бахчевых и кормовых культур. По словам ответственных лиц, техники и дизтоплива для проведения посевной достаточно. Пакуатдин Шамуратов – руководитель городского отдела сельского хозяйства и земельных отношений /В городе 27 фермерских хозяйств. Четыре из них крупные, остальные - мелкие. Все поля полностью выравнены, подготовлен дренаж. С соответствующими операторами заключены контракты по дизтопливу. Никакого дефицита нет./ Отметим, в настоящее время нет проблем с поливной водой. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 দিন আগে

С начала года за медицинской помощью обратились 108 пострадавших от укусов клещей. У одного подтвердился диагноз, сообщили сегодня на брифинге представители департамента санэпиднадзора. Неблагополучными по конго-крымской геморрагической лихорадке признаны 115 населенных пунктов. Это на 9 больше, чем в прошлом году. Исследования клещей на указанных участках показали наличие у них смертельно опасного вируса. Медики призывают соблюдать все меры предосторожности при уходе за скотом, во время работы в поле и отдыха на природе. При укусе клеща с появлением первых клинических симптомов нужно незамедлительно обратиться за медицинской помощью. Алия Абдыкаимова - заместитель руководителя ДСЭК /Клещи активизировались еще в феврале. Собраны и изучены около 12 тысяч клещей. На сегодняшний день у 13 из них обнаружен вирус./ Жаныл Абубакирова - заместитель руководителя областного управления здравоохранения /Высокая температура, тошнота, покраснения глаз, возникновения гематом, кровотечение - все это признаки заболевания. При первых же симптомах необходимо немедленно обратиться к врачу./ В этом году в отличии от прошлых лет противоклещевая обработка проводится не в 2 этапа, а в три. Качество обработки - на контроле национального центра экспертизы. 1-ый этап обработки территорий в Шиелийском, Жанакорганском районах и в Кызылорде завершен. Сейчас специалисты работают в Сырдарьинском районе. Весеннюю дезобработку зараженных территорий планируется завершить 8 июня. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 দিন আগে

В этом году ровно полвека секции картинга при Учебном центре дополнительного образования. За эти годы секция взрастила не одно поколение картингистов. И сегодня от желающих попасть сюда нет отбоя. Лиуза Алиева – корреспондент /снимает шлем//В секции картинга в основном занимаются мальчишки. Девочек за всю историю секции было всего несколько. Одна из них я. В 9 лет пришла сюда и гоняла 4,5 года. Это непередаваемые ощущения, драйв, адреналин./ Немного из истории. Карт в переводе означает тележка. На них в середине прошлого века на американских аэродромах подвозили к самолетам авиабомбы. А на досуге пилоты гоняли на них по летному полю. Их забава сразу обрела невероятную популярность. Сегодня картинг - это серьезный вид спорта. Рашид Алиев – руководитель секции //Картинг – это интересный, динамичный вид технического спорта и технического творчества. Формула-1 в миниатюре. Она привлекает детей скоростью, драйвом, адреналином.// Некогда детские секции картинга были в каждом районе. Сохранилась только одна – в учебном центре дополнительного образования. Однако машинки старые и их мало, трасса короткая. Поэтому юные картингисты уже давно не ездят на соревнования. А когда-то наша школа была одной из ведущих по стране. Рашид Алиев - руководитель секции //По 30-40 лет машинкам. Они уже не выдерживают никакой конкуренции. Конечно, самостоятельно делали ремонт, но уже усталость металла. Уже не могут они. И комиссия уже на техосмотрах уже не пропускает из-за старости их, просто из-за старости,… уже не допускают./ По мнению бессменного тренера детского картинга Рашида Алиева, который уже 40 лет занимается с детьми, такие секции картинга, станции юных техников нужны. Они выводят мальчишек из-под влияния улицы. Ребята с детства приобщаются к технике, получают навыки вождения. Рашид Алиев - руководитель секции /Картинг - очень интересный, динамичный вид технического спорта и творчества. Здесь дети постигают азы технического вида, ремонт, обслуживание картинга, формируется дальнейший уклад и выбор профессии./ В секцию набирают с 8 лет, то есть как только мальчишка достает ногами педалей. В данный момент здесь занимаются 15 ребят. В теплое время года они гоняют на спортивной площадке. Зимой изучают строение картов и учатся ремонтировать машинки под руководством своего тренера. Ардак Абдыкаликова - заведующая туристско-прикладным отделом /Картинг - единственный технический вид спорта в нашей области. Существует уже много лет и стоит отдать должное руководителю, который работает очень давно и с большим энтузиазмом подходит к любой своей работе. Он является ветераном автоспорта и с теплотой, большой любовью занимается с детьми этим видом технического спорта./ Секция помогает и с выбором будущей профессии. Как правило, большинство выпускников связывают свою жизнь с техническимим специальностями в сфере автотранспорта. По новому регламенту секции картинга от управлений образования переданы управлениям спорта. Рашид Алиев надеется, что облспорт возьмется за дело. Энтузиаст своего дела понимает, что это затратный вид детского спорта. Но оно того стоит. Рашид Алиев - руководитель секции //Нужно строить новое формирование, нужна новая трасса. Новые цеха, где ребята получали бы и профессию, и работали, и ремонтировали, и подрабатывали, занимались ремонтом авто, даже изготовлением картингов. Нужно сделать современную: современную трассу, современные цеха, чтобы ребята действительно занимались, формировалась личность, профессиональные качества, чтобы ребята связывали себя с техникой./ И в завершение еще одна информация к размышлению. Легендарные гонщики в классе «Формула-1» Михаэль Шумахер, Макс Ферстаппен, Льюис Хэмилтон - все они начинали с картинга. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 দিন আগে

В 3-ей поликлинике прошел День получателей услуг. Проект инициирован областным департаментом по делам госслужбы В департамент по делам госслужбы часто поступают вопросы касательно сферы здравоохранения. В этой связи было решено провести День получателей услуг непосредственно на базе медучреждений. В его рамках специалисты сферы выслушали и ответили на волнующие многих вопросы. В городской поликлинике №3 оказывается 14 видов услуг. По словам врачей, все они оцифрованы. Айгерим Абдраманова – заместитель главного врача городской поликлиники №3 //Регистрация в медицинских организациях, запись на прием к врачу, вызов на дом доктора, выдача справки о временной нетрудоспособности. 14 таких услуг оказывается в нашей поликлинике. На прием к врачу можно записаться через приложение Дамумед. Доступно и удобно. Не нужно ждать своей очереди. Сегодня мы разъясняем среди населения преимущества приложения «Дамумед»./ Ерлеген Мендалиев – руководитель областного департамента по делам госслужбы //На сегодняшнее мероприятие мы пригласили представителей сферы медицины. В целом цель проекта – информирование получателей услуг, какие оказываются услуги в этой сфере, какие для этого нужны документы, какие услуги можно получить в электронном формате. Все это мы разъясняем населению./ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
3 দিন আগে

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
6 দিন আগে

Бүгінгі Үкімет отырысының күн тәртібінде азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын реттеу мәселесі қаралды. «Аймақта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 98,8 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен 1,5 пайызға төмен қалыптасты. Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтерге баға деңгейі республикалық көрсеткіштен төмен болғанымен, оны тұрақты ұстап тұруға міндеттіміз», - деді облыс әкімі. Премьер-министрлер кабинетінің отырысынан кейін облыс әкімі облыстағы баға саясаты бойынша жиналыс өткізді. Азық-түліктің бағасы қайткенде қолжетімді болады? Әлбетте, ол өзімізде өндірілсе. Былтыр 5 мыңнан астам жерлесіміз жергілікті әкімдіктер ұсынған жер теліміне көкөніс егіп, әжептәуір өнім жинады. Биыл да сол үрдіс үзілмей, қайта ауқымы ұлғая түсуі тиіс, тұрғындар өздерінен артылған өнімін сатам десе, «Байқоңыр» ӘКК сатып алуға әзір, бау-бақшаға су апару, басқа да мәселелер бойынша көмек болады, - деді облыс әкімі «Байқоңыр» ӘКК демекші, қазір бұл корпорация картоп-жуаны базар бағамынан өте төмен бағамен сатып жатыр. Дейтұрғанмен, көпшілік әлі оны біле білмейді, сондықтан халықты құлақтандыру шарасын күшейту қажет деді аймақ басшысы Барлық деңгейдегі әкімдер кабинетте отырып, дайын дерек пен есепке сене бермей, базар бағамын өз көздерімен көргені, халықпен бірге сауда орындарын аралап тұрғаны дұрыс, - деді Н.Нәлібаев. Ал, бағаны негізсіз өсіріп, халықты шырылдатқан бірнеше саудагер әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Мәжіліс қорытындысымен «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда 19 әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарының үздіксіз сатылуын қамтамасыз ету, делдалдық тізбекті қысқарту бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
6 দিন আগে

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен өткен жиында алдымен еңбек қатынастарын реттеу тетіктері таразыланды. Қазіргі басты талап жұмыс беруші тараптар қызметкерлердің еңбекақысын уақытылы, келісімде көзделген міндеттер негізінде төлеуі тиіс. Өңірде 2022 жылдан бері орташа жалақы мөлшері 20 пайызға артқан. Бүгінде облыс бойынша 6 мыңға жуық кәсіпорын мен ұйымдар арасында ұжымдық шарттар жасалды. Бұл жұмыс істеп тұрған барлық субъектілердің 68 пайызын құрайды. Айта кетейік, осыған дейін үшжақты келісім құжаты 2021-2023 жылдар аралығын қамтыған болатын. Ал, бүгін бекіген меморандум аясында алдағы 3 жыл бойы мамандардың еңбек қауіпсіздігі мен табыс деңгейі заң шеңберінде бақыланып отырмақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
6 দিন আগে

Облыста Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 2,5 миллион теңгеден беріледі. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 4 майдангер бар. Олардың арасында ең үлкені 102 жасқа толды. Осы орайда Қызылорда қаласы, Қазалы және Сырдария ауданының әкімдіктері Жеңіс күні қарсаңында төлемдерді аудару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда. Ардагерлер 2,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем алады. СНХ: ҒАБИТ ЖАҢАБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Бүгінгі күнге аймағымызда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген 3843 ардагер бар. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары – 4.Бүгінгі күнге облыстағы 4 (төрт) – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына 2 510 560 теңгеден төленетін болады. 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген 1990 адамға - 147,6 мың (40 АЕК) теңгеден төленді; 530 - Ауған соғысының қатысушы мен мүгедектеріне – 147,6 мың (40 АЕК) теңгеден төленді. Бұған қосымша Ауған соғысының 35 жылдығына орай жергілікті уәкілетті органдардың шешімімен 36,9 мың (10 АЕК) теңгеден қосымша бір реттік әлеуметтік көмек төленеді,/// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
6 দিন আগে

Аймақта тұңғыш рет тамшылатып суару технологиясымен 3 мың гектарға жүгері егіледі. Бұл жобаны «Таң ЛТД» серіктестігі қолға алған. Қазір қарт Қаратаудың бөктерінде қызу тірлік жүріп жатыр. Бұл жобаның барысы қалай? Тілшіміз Қозы Көрпеш Жасаралұлы тарқатады. ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ Жүгеріні тамшылатып суару технологиясы аймақта алғаш рет өндіріске енгізіліп отыр. Мамандардың айтуынша, бұл аяқсуды 40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазір мұнда дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдағы он күнді мұнда жүгері дәні егілетін болады. СӘКЕН ШАҒЫРТАЕВ – СЕРІКТЕСТІК ӨКІЛІ //Қытайлық мамандармен бірлесе отырып жасалып жатқан проекті. өнімділігі 25 пен 30 центнер арасында. Арнайы бассейін қазылды. Арнайы насос станциясы қойылды. Бұл жоба негізі екі кезеңнен тұрады. Биыл 1 мың гектарға жүгері егілмек. Келер жылы 2 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Қазір егістік алқапта 70-ке жуық адам еңбекке жұмылған. Осындай тың жобаны іске асыруға жергілікті әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ //Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша электор қуатын әкеліп жатыр. оған 149 млн теңге бөлініп, электор қуаты келе жатыр. ол жақын арада қосылып, осы өндіріске бағытталатын болады. Жүгерінің малазықтық дақыл ретінде маңызы зор. Жылына аймақта 500 гектарға дейін егіледі. Ал Қаратау бөктерінде басталған бұл жоба жүгеріні терең өңдеуге бағытталған. ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //келешекте сушилка қойылады. Және консервілеу зауыты қойылады. Осы Бестау ауылының төңірегінде. Ол дегеніміз осы шаруашылық ғана емес, басқа шаруалар да жүгері егуге ынта болады. Себебі өнімді өткізетін жер бар. Ол өнімді экспорттауға жолдары әзірленген. Өзегі өзенге байланған өңірде тіршілік нәрі тапшы. Сондықтан аймақта күріш көлемі қысқарып, суды аз қажет ететін дақылдарға ден қойылған. Биыл оның көлемін 4 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланған. Қозы Көрпеш Жасаралұлы, Санжар Мансұр «Қт», Шиелі ауданынан Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
6 দিন আগে

Қармақшыда күріш егу науқаны басталды. Дәстүрлі дән себу шарасы аудандағы іргелі шаруашылық «Тұрмағамбет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында өтті. «Дала күні» жиынында су тапшылығының алдын алу, егісті әртараптандыру мәселесі сөз болды. Дәстүрден жаңылмаған қармақшылықтар үлкендерден бата алып, берекелі іске білек сыбана кірісіп кетті. Аудан бойынша биыл жалпы көлемі 25231 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланған. Оның ішінде күріштің көлемі – 12 500 гектарды құрайды. Өткен жылы тіршілік нәрінен тапшылық көрген шаруашылық құрылымдары биыл егіс көлемін қысқартыпты. Есесіне суды аз қажет ететін мал азықтық дақылдар мен бақша өнімдеріне басымдық беріп отыр. Егісті әртараптандыру мақсатында биыл 2200 гектарға бидай, мақсары, арпа егілді. Сонымен қатар, шаруашылық құрылымдары су үнемдеу технологиясын қолдану арқылы жоңышқа сеуіп, алма бағын баптамақ. Ал, «Тұрмағамбет» серіктестігі былтыр 2 мың гектарға күріш еккен, биыл егіс көлемін 500 гектарға азайтыпты. Сондай-ақ күріштің жаңа сортын өндіріске енгізіп отыр. Шаруашылық материалдық-техникалық базасын жыл өткен сайын жаңартып келеді. Өйткені ескі техниканың жүргенінен бұзылғаны көп. Сосын ойдағыдай өнім ала алмайсың,- дейді бас агроном. Ерінбей еңбек еткенге жердің берер несібесі мол. Сондықтан шаруалар егіс басында күні түні жұмыс істеуде. Су келетін каналдар тазаланып, гидротехникалық нысандар жөндеуден өтті. Серіктестік ауылдың дамуына да өз үлесін қосуда. Атап айтсақ, шаруашылықтың демеушілігімен жаңа мектептің құрылысына жобалық сметалық құжат дайындалды. Серіктестік төрағасы қайырымдылық шаралардан да қалыс қалмайды. Мұнан бөлек бақша егемін деген азаматтарға арнайы жер дайындалып берілген. Яғни, тұрғындарға күнделікті тұтынатын картоп, жуа, сәбізін егіп қысқы азығын жинап алуға үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
6 দিন আগে

Домбыраның құлағында ойнайтын 10-шы сынып оқушысы Ангелина Белоусова қызылордалықтарды өнерімен тәнті етіп жүр. Қара домбыраның арқасында танылған күйші қыз туралы келесі сюжетімізде. Ангелина Белоусова өнер мектебінің домбыра сыныбын бітірген. Ұлттық аспап менің көңіл-күйімді дөп басады дейді ол. АНГЕЛИНА БЕЛОУСОВА – №5 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Алғашында маған аспаптың үні ұнады. Яғни домбыра тартып жатқан оқушыларға қарап, менің де осы музыкалық аспапты үйренгім келді. АЛТЫНАЙ ӘБУБӘКІРОВА – ҰСТАЗЫ Мен қатты таңқалдым. Өйткені менің тәжірибемде мұндай жағдай алғаш рет болды. Алғашқы жылы ол Өнер мектебіне түсе алмады. Бірақ мен оны дайындадым. Бір жыл жеке мектепте дәріс алды. Келесі жылы емтиханды тапсырып, бізге оқуға түсті. Ангелинаның ата-анасы арнайы тапсырыспен домбыра жасатқан. Ол осы аспаппен республикалық, халықаралық байқауларда талай үздіктер қатарынан көрініп, былтыр өнер мектебін үздік тәмамдады. Бірақ осында жиі келіп тұрады. Оқуды озат Ангелина болашақта филолог болуды мақсат етіп отыр. Домбырасын да қолынан тастамайды. Жаңа күйлерді үйреніп, түрлі мерекелік шараларда өнер көрсетіп жүр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
6 দিন আগে

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен түрлі этнос өкілдері президент саябағына барып, ағаш көшеттерін отырғызды. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Оның ішінде Сыр өңірінде 11 этномәдени бірлестік мүшелері достық үйі шаңырағының астында бірліктің берік үлгісін көрсетуде. Бүгінгі мерекеге орай сол тілеуі бір қауым бір ауыздан президент саябағын көгалдандыруға атсалысты. Облыс әкімдігі ұйытқы болған экологиялық шарада 100-ден астам ағаш көшеттері отырғызылып, түрлі сала қызметкерлері айналаның абаттануына үлес қосты. ГАЛИЯ ГИЗАТУЛЛЛИНА – ТАТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ /Біз жыл сайын бұл айтулы мерекені асыға күтеміз. Себебі, бірлік күнінің тағылымдық мәні зор. Қазақстан татулықтың құтты мекені, оның ішінде туған жеріміз – Қызылорданың орны ерек. Өскен өлкемізді гүлдендіру ортақ іс. Сондықтан таңнан бері табиғатты аялауға атсалысып жатырмыз/ Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

QYZYLORDA TV
6 দিন আগে

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

আরো দেখুন